Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыс соңғы жылдары қарқын алды. 2025 жылы екі елдің тауар айналымы 4,4 миллиард долларға жетті. Қазақстан Кореяға негізінен шикі мұнай, ферроқорытпа және титан экспорттайды. Ал Оңтүстік Кореядан автомобильдер, қосалқы бөлшектер мен электротехникалық жабдықтар импортталады. Соңғы жиырма жылда кореялық инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты. Енді тараптар көлік, логистика, жасанды интеллект, микроэлектроника және жартылай өткізгіштер өндірісі бағытындағы бірлескен жобаларды кеңейтуді көздеп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.