Қазақ емшілігі ғылым тұрғысынан қайта зерттеліп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ғасырлар бұрынғы қазақ емшілігі бүгінде ғылым тұрғысынан қайта зерттеліп жатыр. Алматыда өткен конференция әйгілі емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіне арналды. Жиында трактатта жазылған емдеу тәсілдері, дәрілік өсімдіктер, дәстүрлі тағамның адам денсаулығына әсері мен халық медицинасындағы тәжірибелер талқыланды. Мамандар көне еңбектегі білімді қазіргі медицинамен салыстырып, оның ғылыми құндылығын саралап жатыр. Басқосуға Қазақстан мен шетелден келген дәрігерлер, фармацевтер, зерттеушілер және дәстүрлі медицина мамандары қатысты.

ҚАЙРАТ ЖАҚЫПБЕК, ҚАЗҰМУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:
– Қазақтың «Шипагерлік баянын» дәріптеу мақсатында, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі медицинасын дамыту мақсатында осындай конференция ұйымдастырып жатырмыз. Негізгі ойымыз – Өтейбойдақ Қабылұлы атамыздың еңбектерін қазақ халқына, дүние жүзіне дәрітпеу.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал