Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ЖАУЫЗДЫҚТАН БЕЙХАБАР
Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Енді ол туыстарының үйінде тұрады. Бұл балаларымен жиі көру үшін жасалып отыр. Бірақ Акбаян әлі күнге дейін бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиевтің етжақындарын өлтіргенін білмейді.
БЕЛГІСІЗ ІНДЕТ
Солтүстік Қазақстан облысында үй құсынан белгісіз індет тарап жатыр. Қызылжар ауданының Шаховск ауылында қаз атаулы қырыла бастаған. Әзірге себебі беймәлім. Мамандар өлекседен сынама алып, сараптамаға жөнелтті.
6,6 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ
Шымкентте алимент бойынша берешек 6,6 млрд теңгеден асып кетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге көп. Қазір сот орындаушылар 14 мыңнан астам істі қарап жатыр. Жалпы, баласының несібесін бермей жүргендердің арасында 289 әйел бар.
БӨЛІП ТӨЛЕУ
Келешекте кез келген қарыз кредиттік бюрода тіркелуі мүмкін. Ұлттық Банк бөліп төлеп немесе қазір тегін алып, ақшасын артынан қайтарып жүргендерді түгел ортақ базаға енгізуді ұсынды. Өзгеріс қоғам талқысына шығарылды. Бұған халық не дейді, сарапшы пікірі қандай?
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИГІЛІГІ
Жасанды интеллект оқушының сабаққа тыңғылықты дайындалуына да септігін тигізеді бастады. Оның сыртында мектеп директорының жұмысын жеңілдетіп, мұғалім үшін де таптырмас көмекшіге айналып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.