Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов тұтқынға алынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Bek Air-дің қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов тұтқынға алынды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдік бар. Мәселенің шеті осыдан 7 жыл бұрын болған ұшақ апатын тергеу кезінде шыққан көрінеді. Яғни, Алматы әуежайының аумағында тұрған Fokker-100 ұшақтарының қозғалтқыштары жоғалып кеткен. Дәл осы ұрланған қозғалтқыштың бірі апатқа ұшыраған ұшақта болған көрінеді. Бұл – тергеу мәліметтері. Тиісті органдарға сұрау жіберілді, жауабын күтеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал