Құрылтайда Қоғамдық палата құрылатын болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Құрылтайда Қоғамдық палата құрылатын болды. 50 адамнан тұратын ұйым ел мүддесін көздейтін, маңызды мәселелерді талқылайтын ортақ алаңға айналуы керек. Сондай-ақ депутаттар отырыста бернеше заң жобасын қарады.
Құрылтай палатасы жаңадан жасақталады. Бірақ бұл құрылым депутаттарға таңсық емес. Айдос Сарымның айтуынша, мұндай тәжірибе көп жыл бойы қалыптасты. Бұған дейін Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мен Сенат жанындағы Сарапшылар клубы жүйелі жұмыс жүргізді. «Осы алаңдар аясында жинақталған озық тәжірибені Құрылтай қызметі шеңберінде азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір ретінде маңызды индикаторға айналсақ», — дейді депутат.

АЙДОС САРЫМ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Құрылтайдың жұмысын одан әрі белсенді жүргізу үшін нөлдік оқылым деген формат ұсынып отырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Құрылтайдың регламентіне сай, кез келген заң 3 оқылымнан өтеді. Яғни, қоғамға маңызды дейтін заңдарды бірінші оқылымға шығармас бұрын алдын ала ой сүзгісінен өткізіп барып талқыласақ дейтін мәселе.

Қоғамдық палатаның құрамына 50 адам кіреді. Яғни барлық саяси партия фракцияларынан Құрылтай депутаттары, азаматтық қоғам мен сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері, түрлі сала мамандары енбек. Құрылым алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады.

АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата елдегі қордаланған мәселелерді шешуге атсалыспақ. Бұған жер-жерден палата құрамына кірген азаматтарға түскен шағым өтініштер негіз бола алады. Сондықтан айтылған мәселе тура Құрылтайға жету үшін Қоғамдық палата арқылы да шығуға болады.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстан сыртқы сауда көлемін екі есе арттырған. Бұл жетістіктер Құрылтайда 1994 жылғы Заң жобасын ратификациялау барысында айтылды.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
— Ұйымға қосылған сәттен бастап, еліміздің сауда көлемі 2015 жылы 76,5 млрд АҚШ долларынан 2025 жылы 136,9 млрд АҚШ долларына дейін екі есе артты. Сондай-ақ Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сауда рәсімдерін жеңілдету және сауда процестерін цифрландыру бағытындағы прогресін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, министр цифрлық экономиканың, электронды коммерцияның, қаржылық, көлік, IT және кәсіби қызметтердің дамуы Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Мәселен, 2025 жылы қызмет экспорты шамамен 13 млрд АҚШ долларына жетті. Электронды сауда көлемі соңғы бес жыл ішінде 8 есе артып, 3,8 трлн теңгены құрады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал