Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты. AÑSA HUB деп аталатын алаңдағы эндаумент-қорға 100 млн доллар құйылған. Ол арада бастамалар тұрақты түрде қаржыландырылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапары аясында өткен шарада айтылды. Хаб құрылтайшысының айтуынша, алаңда Алатау қаласының білім саласы мен инфрақұрылымын жетілдіруге, ғылымды коммерциализациялауға, Орталық Азиядан ғалымдарды тартуға, ірі инвестициялық жобалар мен өнер, мәдениет және спортты датымуға қолдау көрсетіледі.
ВЯЧЕСЛАВ КИМ, КӘСІПКЕР:
— Қазақстан бизнесті дамытуға айрықша мүмкіндік жасап отыр. AÑSA HUB-ты құру – менің Отаныма деген алғысым және мойынсұнуым. Мен Қазақстанның әлемге тума таланттар үшін барлық жағдайды жасайтын ақылды ел ретінде танылғанын қалаймын. Сондықтан Қазақстан мен Alatau City-дің білімін жетілдіріп, инновациялық жобасын жүзеге асырғысы келетіндерді тартатын орта болып қалыптасуына бар күшімді саламын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.