Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды гарнизонының «Спасск» оқу орталығында «Айбалта-2026» әскери оқу-жаттығуы басталды. Оған 600-ге жуық сарбаз бен 50-ден астам техника жұмылдырылған. Жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері тартылды. Басты мақсат – әскердің дайындығын тексеру және командирлердің шешім қабылдау дағдысын арттыру. Штабтар әскерді басқару, бөлімдерді жылжыту және өзара байланыс орнату жолдарын пысықтайды. Сондай-ақ кез келген шұғыл жағдайда басқаруды жоғалтпау жағы қарастырылады. Практикалық кезеңде сарбаздар полигонда қару-жарақ пен техниканы қолданады.
ЖЕҢІС ҚОЖАТАЕВ, 31775 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:
— Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша өзіміздің мықты тұстарымызды және одан әрі жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтаймыз. Басты міндетіміз – кез келген жағдайда өзімізге жүктелген міндеттерді орындауға дайын болу.
АСҚАР ДӘУЛЕТОВ, ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ:
— Тактикалық кезең барысында әскери қызметшілер заманауи ұрыс жүргізу тәсілдерінің тәжірибесін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану арқылы нақты іс-қимылдарды орындайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.