Ақтөбеде Қарғалы өзенінің жағасында жаңа экобақ салынып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде Қарғалы өзенінің жағасында жаңа экобақ салынып жатыр. Аумақта абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Жаяу жүргіншілер жолы, кіреберіс пен демалыс орындарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сегіз гектарды қамтитын экопарк келесі жазда ашылады. Мұнда табиғи орта барынша сақталады. Яғни құрылыс кезінде ағаш кесіліп, жер бедері өзгермейді. Асфальт пен тротуар плитасының орнына ағаш төсемдер, табиғи тас және өзеннің малта тасы пайдаланылады. Жоба «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал