Риддер маңындағы электр желілерінің құрылысы 8 жылға созылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Риддер қаласының маңында электр желілерінің құрылысы 8 жылға созылып кетті. Қорықтар мен демалыс базаларына тартылған бетон бағандар мен электр желілері әлі күнге дейін тоққа қосылмаған. Сондықтан осы өңір тұрғындары бензин генераторларын пайдалануға мәжбүр. Бұл масқатқа 2017 жылы бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген. Мердігер 400 млн-дай теңгені игергеннен кейін, құрылыс тоқтап қалған. Мәселе электр желілерінің мемлекеттік орман қоры арқылы өтуінде болып отыр. Бүгінде бұл кілтипан заң жүзінде шешімін тапты. Сондықтан жергілікті билік жобаны қайта жандандырмақ.
ҚАНЫБЕК ТӨЛЕУХАН, РИДДЕР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Он шақты демалыс орны бар. Олардың біразында электр энергиясы жоқ. Олар балама электр көздерімен қуатталып, жарық алып отыр. Туризмді ары қарай дамытатын болсақ, бізге инфраструктура қажет. Жол, жарық, электр жүйесі керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал