Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛ
Елордада ер адам алдымен әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды. Отбасылық жанжал жасөспірімнің көзінше болған. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ал 14 жастағы баламен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.
САБАҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС
Қарасай ауданының Іргелі ауылы тұрғындары балаларының денсаулығына алаңдайды. «Алматы облысына қарайтын мектептің бір бөлігі ағымдағы жөндеуге жабылған, алайда сабақ жүріп жатыр», — дейді ата-аналар. Яғни құрылыс жұмыстары қабаттасып, оқушылар шаң-тозаң және бояу иісін жұтып отыр.
ТОЗҒАН ҚҰБЫР
Қонаев қаласындағы құбырлардың 80 пайызы тозған. Инженерлік желінің жаңартылмағанына 60 жыл. Қала билігі мәселені биылдан бастап шешпек. Жүйені жаңғыртуға үкімет резервінен 1,5 млрд-тан астам теңге бөлінді. Облыс орталығында ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
ҰРЫС АЛАҢЫНДА…
Қазақ әскері егеулі найзаны қолға алды. Қарағанды гарнизонында «Айбалта-2026» әскери оқу-жаттығуы басталды. Алаңға 600-ге жуық сарбаз бен 50-ден астам техника тартылды. Енді әскердің ұрысқа дайындығы пысықталып, қолбасшылардың қырағылығы сыналады.
ІРГЕЛІ ШАХМАТ
Әлемнің ең мықты шахматшылары Самарқанд төріне жиналды. Олар мұнда екі апта бойы ақылмен айқасады. Өзбекстанда 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы басталды. Сайысқа 400 құрама қатысады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.