Қостанайда жасөспірімдердің суреттері жарияланған Telegram-арналар көбейді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанайда жасөспірімдердің фотосуреттері мен жеке деректері жарияланатын Telegram-арналарға қатысты дау туындады. Ата-аналардың айтуынша, кейін бұл материалдарды өшіру үшін ақша талап етеді. Зардап шеккендер: «Мұндай жағдайға тап болғандар аз емес», — дейді. Кей арналар бұғатталғанымен, орнына жаңалары ашылып жатқан көрінеді. Сондай парақшалардың бірінде үш мыңға жуық оқырманы бар. Осыған байланысты ата-аналар полицияға арызданып, тиісті шара қабылдауды сұрайды.
ҚАЙРАТ ДӘУРЕНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:
— Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қызметкерлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажет материалдарды жинап, тіркейді. Сондай-ақ көрсетілген материалдарды жариялауға қатысы барлар анықталады. Осыдан кейін олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал