Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Атырау облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 500-ден аса дерек тіркеліп, 120 қылмыстық іс соттың қарауына жіберілген. Ал дропперлік бойынша 45 дерек анықталып, 11 іс сотқа жолданды. Алаяқтар жалған интернет-дүкендерде тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау немесе фишингтік сілтемелер жіберіп, тұрғындардың жеке деректерін ұрлау арқылы арам ойын жүзеге асырған.
ДӘУРЕН МҰХАНБЕТӘЛИЕВ, ПД КҚҚІҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
— Өздерінің банк қызметкері болып немесе ішкі істер органдары қызметкері болып, қоңырау шалатын алаяқтар бар. Олар, ең алдымен, SMS-код арқылы сұрап, осы азаматтардың атына несие рәсімдетіп алады. Әрмен қарай ақша-қаражаттарын ортадағы дропперлер арқылы өздерінің криптовалют есепшоттарына аудартып жатады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.