Степногорскіде 43 млн теңгеге жасалған жолдың сапасы сын көтермейді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Іргесіне бетон құйылмаған бордюр және сапасыз жүргінші жолы.
Бұл – Ақмола облысының Степногрск қаласында болған оқиға. Мердігердің жұмысын қабылдау кезінде осындай былықтың беті ашылды. Жаяу жүргінші жолы мен балалардың ойын алаңындағы асфальттың сапасы сын көтермейді. Қиыршық тассыз, құр топырақтың үстіне төсей салған. Компанияға бұған дейін де шағым түсіп, олқылықтың орны толтырлыуы тиіс еді. Алайда нәтиже жоқ. Тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға 43 миллион теңге бөлініпті. Әкімдік өкілдері атүсті жасалған жұмысты қабылдамай қойды. Енді мердігер қатені түзеуі керек.
ФАРХАТ БАЙКАСОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Орындалған жұмыстар бойынша актілер келіп түсті. Алайда тапсырыс беруші оларды қабылдаған жоқ, керісінше кері қайтарып, ескертулер жасалды. Себебі барлық жұмыс құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта мердігерге анықталған ескертулер мен кемшіліктерді жою туралы талаптар қойылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал