АҚШ-та негізгі пайыздық мөлшерлеме үш жылда алғаш рет көтерілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Суданда алтын кеніші опырылып, 80-нен астам адам қаза тапты. Ал БҰҰ жасанды интеллектіні қауіпсіз дамытуға шақырды. АҚШ-та негізгі пайыздық мөлшерлеме көтерілді.
Суданда алтын кеніші опырылып, 82 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің Батыс Кордофан штатындағы әл-Зара кенішінде болған. Ондаған адам әлі де үйінді астында. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда арнайы техника тапшы. Сондықтан тереңге түсу қиындап отыр. Жалпы, бұл елде заңсыз алтын кеніші көп. Сәйкесінше, онда еңбек қауіпсіздігі сақталмайды. Соның кесірінен қайғылы жағдай жиі болады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жасанды интеллект мәселесін алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің маңызды тақырыптарының бірі ретінде атады. 16 қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында ол технологияның адамзатқа берер мүмкіндігімен қатар, жаңа қауіптер де туындап отырғанына назар аударды. Гутерриштің сөзінше, бұл бағыттағы шешімдер тек жекелеген елдердің деңгейінде қалмай, халықаралық күн тәртібінде қаралуға тиіс.

АНТОНИУ ГУТТЕРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
— Біз жасанды интеллектіні қауіпсіз, сенімді әрі жауапты түрде дамыту жолдары туралы ортақ түсінік қалыптастыруымыз қажет. Жасанды интеллект жүйелері қуатты бола түскен сайын, олардың ықтимал қауіптерін азайту үшін қатаңырақ қауіпсіздік шаралары мен қосымша тетіктер қажет болуы мүмкін. Мұны жүзеге асыру үшін елдер арасында халықаралық ынтымақтастық орнатып, жаһандық деңгейде бірлесе жұмыс істеу керек.
АҚШ-та соңғы үш жылда алғаш рет негізгі пайыздық мөлшерлеме көтерілді. Федералды резерв жүйесі оны 0,25 пайыздық тармаққа арттырып, 3,75-4 процент деңгейіне жеткізді. Бұл шешім елдегі инфляцияны тежеуге бағытталған. Реттеушінің болжамынша, жыл соңына дейін мөлшерлеме тағы бір рет көтерілуі мүмкін. «Мұндай өзгеріс доллардың бағамына және қаржы нарығына әсер етуі ықтимал», — деп топшылайды сарапшылар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал