Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстанда әскерге шақыру комиссияларының жұмысына жасанды интеллект енгізіле бастады. Жаңа жүйе әскерге шақырылушының бойы, салмағы және білім деңгейі секілді деректерді саралап, оны қай әскер түріне немесе әскери бөлімге бағыттау тиімді екенін ұсынады. Сонымен қатар комиссия отырыстарының хаттамалары электронды форматқа көшірілген. Бұл қабылданған шешімдерді жедел бақылауға және олардың заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллект тек ұсыным береді. Әскерге шақыру және қызмет өткеру орны туралы соңғы шешімді комиссия қабылдайды.
ЕРМАН ИМАНҒАЛИЕВ, ҰЖЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:
— Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтар тек цифрлік түрде шығарылады. Әскерге шақыру комиссиялары отырыстарының хаттамалары цифрлік түрде жүргізіледі. Бұл әскерге шақыру жасындағы жастарды денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырудан босату үшін қажетті уақытта айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Жасанды интелект шақыру комиссияның цифрлік хаттамасын қалыптастыру барысында, медицинық куәләндіру нәтижілері негізінде шақырылушыға ең қолайлы әскер түрлерімен әскер тектерін автоматты түрде ұсынады
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.