«Қазгидромет» мамандары 14 аймақта дауылды ескерту жариялады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары 14 аймақта дауылды ескерту жариялады. Қазақстанда күзгі салқынның лебі сезіле бастайды. Алдағы күндері елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, әсіресе солтүстік пен батыста күн салқындай түседі. Синоптиктер осындай болжам айтты. Сондықтан маусымдық өзгеріске дайын болып, жылы киімді қамдап қоюға кеңес береді.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдағы күндері Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың жылдам ауысуы күтіледі. Қазақтан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды. Ал Республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан жылы ауа массалырының ықпалы мен жауын-шашынсыз негізінен жылы ауа райы сақталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал