Қазақстандық жаһанкез велосипедпен Австралияға жол тартты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанадан Австралияға. Әлихан Ормаханов есімді жаһанкез велосипедпен мұхиттың арғы бетіндегі жасыл құрлыққа жол тартты. Жолға шыққанына жүз күннен асқан. Осы уақыт ішінде ол бес мың шақырымнан астам жол жүріп, бірнеше мемлекеттен өткен. Вьетнам, Қытай елдерін кесіп өткен. Саяхатшының айтуынша, бұл сапар аяқ астынан қабылданған шешім емес. Идеяны бір жарым жыл бұрын ойластырып, жолға шығардан бір жыл бұрын арнайы дайындала бастапты.
ӘЛИХАН ОРМАХАНОВ, САЯХАТШЫ:
— Қазақстан аумағымен жүру өте жеңіл болды. Өйткені жолда жүк көліктері де, жеңіл көліктер де тоқтап, қолдан келгенше көмектесуге тырысады. Жалпы, жолда түрлі адамды кезіктірдім. Су береді, жеміс-жидек, тамақ ұсынады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал