Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ВИРТУАЛДЫ БОПСА
Әлеуметтік желіде балалардың суретін жариялап, бейәдеп сөз жазатындар көбейіп кеткен. Жазбаны өшіру үшін ақша бопсалайтындар да бар. Қостанайда ата-аналар осылай деп дабыл қақты. Виртуалды әлемде еркінсіп жүргендерге тосқауыл бола ма?
АТЫС ЗАРДАБЫ
Түркістан облысында адам өлтірді деп айыпталған күдіктіге сот үкім кесті. Былтыр Түлкібас ауданында атыс болып, бір отбасы қара жамылған еді. Бетперде киген біреулер бейқам тұрған төрт жігітке оқ жаудырыған. 17 жасар жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
ДРОППЕР ІСІ
Бейтаныс адамға ақша аударамын деп істі болып қалмаңыз. Атырауда дропперлік бойынша 45 дерек тіркеліп, 11 іс сотқа жолданды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 120 қылмыстық іс сотқа жөнелтілген.
АҚЫЛЫ ТҰРАҚ
Елордадағы ақылы тұрақтар мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді көлікті тұраққа қою ақысы арзандай ма? Жалпы төлем жүйесінде өзгеріс бола ма? Астана жұрты үшін өзекті мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтайды.
АҚЫЛДЫ АРМИЯ
Қазақ армиясы бастан аяқ цифрландырылып жатыр. Мәселен, енді жас жауынгердің әскери борышын қай жақта өтейтінін жасанды интеллект шешеді. Қорғаныс министрлігі саланы ақылды зерде арқылы жетілдірмек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.