Астанадағы тұрғын үй ауласында оқ атылып, жұрттың үрейі ұшты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанадағы тұрғын үй ауласында оқ атылды. Мас күйде жүрген бір топ жас түн ортасында шу шығарған. Оларды тыныштандыру үшін тұрғындардың бірі газ тапаншасынан аспанға оқ атқан. Ескерту ретінде жаңғырған оқ дауысы өзге жұрттың үрейін ұшырды. Оқиға орнына дереу полицияның кезекші тобы жетті. Ешкім зардап шекпеген. Дегенмен құзырлы орган өкілдері қылмыстық іс қозғап, тергеу басталды.
АРУЖАН БЕКТАСОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Алдын ала анықталғандай, тұрғын үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас азамат болған. Олар агрессивті мінез-құлық танытқан. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал