Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан ер адам ұсталды. Оқиға Шымкент қаласында болған. Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде жазды. Жарияланған бейнежазбадан әйелдің бет-жүзінің қан-жоса болғанын көруге болады. Жәбірленушінің туысының айтуынша, күйеуі әйелін балалардың көзінше балағаттаған. Сондай-ақ 24 жастағы келіншекке қоқан-лоқы көрсетіп, екі миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұл жағдай бойынша полиция «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен іс қозғап, күдіктіні ұстады.
НҰРДАУЛЕТ СҮЙЕУБЕКОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫ:
— Әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.