Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қауіпті ескермеді. Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері мен жолаушылар жауапкершілікке тартылды. Тексеруге әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негіз болды. Онда бұралаң жолда қозғалыс кезінде жолаушылардың көлік терезесінен денелерін жартылай шығарып, қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны көрінеді. Осы дерек бойынша жүргізушілер мен жолаушыларға айыппұл салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.