Алматыда 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды. Оған құралдың бұлш түрін пайдалану талабының өзгеруі себеп. 1 шілдеден бастап, елімізде электросамокат айдаушыларға бірқатар міндет пен жауапкершілік енгізілді. Ал 25 тамыздан бастап тротуар және жаяу жүргінші жолымен жүрйге мүлдем тыйым салынды. Енді самокатшылар веложолмен жүруі тиіс. Ол болмаған жағдайда, жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалуы қажет. Ал жол бойына 18 жастан асқан, жүргізуші куәлігі мен қорғаныш шлемі бар азаматтарға ғана шығуға рұқсат етіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал