Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мақтааралда «ақ алтынның» науқаны басталды. Көктемнен бері күтіп-бапталған мақта алқаптарында қызу терім жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша 35,5 мың гектардан астам жерге мақта егілген. Алғашқы өнім қабылдау бекеттеріне жеткізіле бастады. Қазір көсектердің жаппай ашылуы үшін дефолиация жұмыстары да аяқталуға жақын. Бүгінде бұл жұмыс 29 мың гектардан астам алқапта жүргізілген. Мамандар оны алдағы бір апта ішінде толық аяқтауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 174 жарым гектар жерден 478 тонна мақта жиналды. Орташа өнімділік – гектарына 27,4 центнер.
БАЯЗИТ ӘЛІМҚҰЛОВ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫ КАШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Мақтаның қазір нақты баға белгіленбеген. Дегенмен мақта науқаны енді басталуына байланысты шаруаларға зауытқа өткізген әрбір келісіне 150 теңгеден аванс ретінде қаражат төленіп жатыр. Жалпы, биыл 7 мақта өңдеу зауыты және соларға тиісті 62 мақта қабылдау бекеті жұмыс жасайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.