Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстандық ғалымдар сирек кездесетін өсімдік түрлерінің генетикалық қорын қалыптастырып жатыр. Алматылық мамандар жойылып бара жатқан итмұрын түрін іздеу үшін Павлодар облысына барды. Оларды Қазақстанның Қызыл кітабына енген әйгілі Павлов итмұрыны қызықтырды. Зерттеушілер 20 үлгі жинады. Өсімдіктің тұқымы, жапырақтары мен вегетативті бөліктері енді әрі қарай зерттеуге жіберіледі. Зертханада бір тұқымнан бір жарым мыңға дейін жаңа өсімдік өсіріп, оның генетикалық материалын сақтауға болады. Бұл – табиғаттағы өсімдік популяциясы өрт, құрғақшылық, зиянкестер немесе адам әрекеті салдарынан жойылып кеткен жағдайда пайдаланылатын өзіндік қор.
АРМАН ТӨЛЕГЕН, ӨББИ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Жиналған үлгілер өңделіп, in vitro культурасына енгізіледі. Бұл – өсімдіктерді асептикалық жағдайда өсіру. Одан кейін өсімдіктердің тұқымдары сақталады. Әрі қарай минус 196 градус температурада генетикалық банк қалыптастырылады. Бұл – бүкіл Қазақстан бойынша біздің зертханада орналасқан жалғыз генетикалық банк. Қазір онда минус 196 градус температурада 1100-ден астам үлгі сақтаулы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.