Алматыда «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды. Әуежай маңында бой көтерген нысан 50 мың пластик қақпақтан құрастырылған. Жобаны жүзеге асыруға балалар да елеулі үлес қосты. Пластик қақпақтарды мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жинаған. Кейін еріктілер жиналған пластикті екі ай бойы Эко-хабтарда сұрыптады. Содан соң қақпақ қайта өңделді. Жалпы қақпақ жинауға арналған «Добрая крышечка» жобасы Алматыда екі жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақытқа дейін қала тұрғындары миллионнан астам қақпақ жинаған.
ЕВГЕНИЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, ECO NETWORK ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бұл – Қазақстандағы қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы стела. Бұған дейін түрлі қалдықтан осындай нысандар жасай бастағанын көрдім. Алайда экологиялық акцияның символы ертең қайтадан қоқысқа айналатын материалдан жасалмауы керек. Бұл – нонсенс. Сондықтан Алматыда осындай әдемі нысан жасауды ұсындық. Бізде үлкен ағаштар, қалалық мүсіндер жасау секілді көптеген идея бар. Ал бұл стеланың өзі «Таза Қазақстан» жобасының шын мәнінде экологиялық сипат алып келе жатқанын көрсетеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал