Медеу-Көкжайлау аумағында Almaty SuperSki курорты салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматының Медеу-Көкжайлау аумағында «Almaty SuperSki» атты жаңа курорт пайда болады. Ол Шымбұлақтан үш есе үлкен болмақ. Мұнда 50 шақырым трасса тартылып, 11 аспалы жол салынады. Кешен күніне 10 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Басты екпін отбасылық демалысқа жасалады. Жоба бойынша, трассалардың 66 пайызы балалар мен жаңа үйренушілерге арналған ең қауіпсіз, яғни «жасыл» және «көк» деңгейлі болады. Орталық жыл бойы жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың сөзінше, бұл жоба экономикаға үлкен серпін береді. Айта кетсек, былтыр Алматыда туризм саласынан бюджетке 84 миллиард теңге салық түскен.
ОЛЖАС СМАҒҰЛОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алматы – әрқашан зор амбициялар мен толассыз қозғалыстың қаласы. Ол бір орнында тұрмайды, асқақ мақсаттарға сенімді түрде ұмтылады. Сондықтан да тау кластері сүйікті қаламыз үшін тарихи маңызы бар жоба. Алматылықтар мақтанатын және заманауи шаһардың жаңа символына айналатын бірегей нысанды бірге құрайық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал