Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Биыл ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл. Оқу-ағарту ісінің негізін қалаған тұлғаның еңбегін бүгінгі жас буын қалай бағалайды?
Мәселен, елордадағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының мұғалімі бұл бағытта арнайы еңбек әзірлесе, оқушылар ағартушының өмір жолын зерттеумен айналысып жүр. Бұған дейін білім ордасында республикалық конференция өткен. Биыл да мектеп ұстаздары мен шәкірттері бірлескен жұмысты жалғастырмақ. Қазақ әдебиеті сабақтарында ағартушының шығармалары сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы терең оқытылады. Ал елордада жыл сайын Астанада «Ұлы дала қоңырауы» атты қалалық байқау өтеді.
ТОТЫ КЕНЖЕТАЕВА — ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
— Ыбырай Алтынсарин атамыздың аты берілген мектепте жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында білім шамын жаққан ұлы ағартушы. «Кел, балалар, оқылық» деп қазақ даласына тастаған үндеуі қазіргі кезде өте өзекті, деп ойлаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.