Алматыда Есентай өзені жағалауында жаңа арт-нысан пайда болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда Есентай өзені жағалауы бойында жаңа арт-нысан пайда болды. Бұқар Жырау даңғылынан бастап Тимирязев көшесіне дейінгі аралықтағы сұр бетон қабырғалар түрлі-түсті суреттермен, ұлттық нақыштағы өрнектермен безендірілуде. Әзір жоба толық аяқталған жоқ. Дегенмен бұл аумақ қазірдің өзінде қала тұрғындарының көңілінен шығуда.
Мына бетон қабырғалардағы түрлі-түсті бояудың өзіндік мәні бар. Мәселен, қызыл түс Алматының апортына негізделіп таңдалған. Көк – аспан мен судың, ал жасыл – ағаштың түсін меңзейді. Авторлардың сөзінше, олар шаhардың болмысынмен қайнаған тіршілігін осылай әспеттеген.
Есентай жағалауы қазір көркем композициямен безендірілуде. Мұндай жаңашылдық әсіресе жастардың көңілінен шығып жатыр.
Мурал салуға 20 суретші жұмылдырылған. Олар тәулік бойы кезектесіп әрбір элементті қолмен безендіріп жатыр. Ал ерекше эскиздерді қабырғаға түсіру үшін VR көзілдіріктері қолданылады.

Жобаның негізіне әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңмен орналастырылуда. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, артынша тұтас бір хикаяға айналады. Басты ерекшелігі де осында. Айта кетейік қазір муралдың шамамен 85 проценті дайын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал