Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Азия ойындарының ресми ашылуы жақындады. Ертең Жапонияда 2026 жылғы Азия ойындары басталады. Дүбірлі дода 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Биылғы басты жарыста жерлестеріміз спорттың 35 түрінен ел намысын қорғайды. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, құрамаға ең көп атлет қосқан Алматы қаласы – 124 спортшы. Одан кейінгі орындарда Астана мен Шымкент тұр. Жалпы, биылғы Азиядаға 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 469 медаль жиынтығын өзара сарапқа салмақ. Бұл жолы Қазақстан құрамасының алдында 90-нан астам жүлде алу міндеті тұр. Еске салсақ, Ханчжоуда өткен Азия ойындарында отандық құрама 80 медаль жеңіп алған болатын.
АЯН ТӨЛЕГЕН, СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ЖЕТЕКШІСІ:
— Біз бұған дейінгі Ханчжоу және Джакарта Азиадаларына қарағанда жақсырақ нәтиже көрсеткіміз келеді. Ол кезде біз алтын медаль есебінен 9-шы және 11-ші орындардан көрінген едік. Қазіргі мақсат – осы көрсеткішті едәуір жақсарту. Ал отандық спортшыларға тоқталсақ, жалпы делегацияда 578 атлет бар. Олардың басым бөлігі, яғни 280-ге жуығы қазірдің өзінде осында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.