Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ТҮНДЕ АТЫЛҒАН ОҚ
Астанада түн ортасында оқ дауысы естіліп, жұрттың үрейі ұшты. Тұрғын үйлердің бірінің ауласында ер адам газ пистолетінің шүріппесін басқан. Оған аулада арақ ішіп алып, жұрттың мазасын қашырған бір топ жастың әрекеті себеп болыпты.
ӘЙЕЛІНЕ ҚОЛ КӨТЕРДІ
Шымкентте тағы бір отбасылық жанжал болды. Ер адам әйелін балаларының көзінше қанжоса етіп сабады. Келіншегінің атына екі миллион теңге несиені күштеп рәсімдеткен. Полиция бұл сұмдықтың жай-жапсарын тергеуді бастады.
САМСАҒАН САМОКАТ
Алматының айып тұрағына 9 мыңнан астам самокат қойылды. Оның бәрі жасы 18-ге толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ және шлем кимей көше кезгендерден тәркіленді. Көлік құралының бұл түрімен тротуар және жаяу жүргінші жолымен жүруге болмайды.
ДҮЛЕЙ ДАУЫЛ
Ақтөбе облысында жойқын дауылдан зардап шеккен Қарауылкелді ауылы біртіндеп қалпына келіп жатыр. Табиғи апаттан кейін 70-тен астам үй тұруға жарамсыз болып қалған. Тағы 220 баспана жөндеуді қажет етеді.
ӨЗЕН ЖАҒАСЫ ТҮРЛЕНДІ
Алматыдағы Есентай өзені жағасында жаңа арт-нысан пайда болды. Суды жағалай төселген сұр бетон түрлі-түсті суретпен көмкеріліп жатыр. «Бұл – тұрғындарға көтеріңкі көлің күй силап, қалаға көрік береді», — дейді жоба авторлары.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.