Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қызылордалық 16 жастағы жасөспірім жаттықтырушысының 2 жыл бойы зорлық көрсеткенін мәлімдеді. «Былтырдан бастап менің арымды саудаға салды», — деп шырылдап отыр. Жәбірленушінің айтуынша, 38 жастағы бапкер алғаш рет хоккейден Талдықорған қаласында өткен жарыс кезінде жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Жалдамалы пәтерде масайтатын сусын берген көрінеді. Осылайша дел-сал күйдегі қыз баланы төсекке тартқан. Әрі бұл әрекетті бейнетаспаға түсіріп алғанын, біреуге тіс жарса бәріне таратанын айтып қорқытқан.
ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— «Сенің видеоңды таратқанымды қаламасаң, айтқандарымды істейсің. Үйіңдегілерге ештеңе айтпайсың», — деді. Жаттығу уақытынан кейін мені өз машинасына мінгізіп алып, тоғайлы жерге апарып, менімен жыныстық қатынасқа түсетін. 2025 жылдың маусым айынан бастап мені басқа адамдарға сатып, сол үшін ақша, есірткі алып бастады.
Әбден қиналып, шарасыз күйге түскен бойжеткен мән-жайды ата-анасына баяндапты. Сұмдыққа жаны күйген етжақындары ашумен бапкерді өздері тезге салмақ болған. Енді олардың да үстінен де іс қозғалып жатса керек. Жәбірленуші тарап бұл жағдайға алаңдаулы. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімді зорлады деген күдікпен бапкер және тағы бір адам қамауға алынған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.