Маңғыстауда ысталған балық жеген отбасы жансақтау бөліміне түсті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Маңғыстауда бүтін бір отбасы үй жағдайында дайындалған ысталған балықтан уланып, жансақтау бөліміне түсті. Олардың үшеуі – ересек, біреуі – бала. «Барлығының жағдайы өте ауыр», — дейді дәрігерлер. Мамандар олардың бойынан ботулизмге тән қауіпті белгілерді анықтаған. Қазір олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқастар дәрігерлердің бақылауында.
МАРАЛ ҚАДЫР, ОБЛЫСТЫҚ КА ЭПИДЕМИОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:
— Зардап шегушілер 17 қыркүйек күні күдікті тамақты пайдаланады, 18 қыркүйек күні ауырып бастайды, бірақ медициналық көмекке 19 қыркүйек күні жүгінеді. Соның нәтижесінде барлық науқас ботулизмнің ауыр түрімен жасанда тыныс алу аппаратына қосуға мәжбүр болып, қазір қатаң жағдайда жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Науқастардың клиникалық жағдайына байланысты барлық симптоматикалық ем және ағзасына дезинтаксикациялық ем жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар барлығына ботулизм ауруына қарсы сары су енгізілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал