Қарағанды облысында егін егуге бөлінген 300 млн теңге талан-таражға түскен

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысында егіс науқанына бөлінген миллиондаған несие жымқырылып, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, былтыр мамырда бір шаруашылық айналым қаражатын толықтыру үшін 300 миллион теңге несие алған. Кепілгер ретінде кәсіпкерлікті дамыту қоры болған. Кейін кәсіпорын басшысы бұл ақшаны «егін егеміз» деген желеумен өзге екі фирмаға аударып жіберген. Құжат бойынша 148 миллион теңге тұқым алуға, ал 152 миллионы техника жалдау мен жұмысшылардың жалақысына жұмсалуы керек еді. Алайда тексеріс бұның бәрі тек қағаз жүзіндегі алдау екенін анықтады.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды. «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал