Құлсарыда арнайы техника автобуспен соқтығысты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Атырау облысы Құлсары қаласында арнайы техника автобуспен соқтығысты. Соның салдарынан үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға Махамбет даңғылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода арнайы техника бұрылып жатқан кезде автобустың терезелерін сындырғанын байқауға болады. Жарақат алған үш адам ауруханадан тексеруден өтіп, кейін үйлеріне жіберілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ДИНА МАҚСОТОВА, ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал