Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды облысында жолаушылардың қандай жағдайда тасымалданып жатқаны тексеріліп жатыр. Кей жүргізушілер автобустарды өз бетінше қайта жабдықтаған. Оларға айыппұл салынып, кемшілік жойылғанға дейін көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді. «Заң және тәртіп» акциясы аясында рейд басталғалы өңірде автобус салонына қосымша жатын орын орнатқан 56 жүргізуші анықталды. Бұл заңбұзушылық үшін 65 мың теңге айыппұл қарастырылған. Қазір 30-ға жуық көлік айып тұрағында. Бұл көлік иелеріне бұған дейін де ескерту жасалған болып шықты. Алайда олар кемшілікті жоймаған. Сонымен қатар рұқсатсыз жолаушы тасымалдаған көлік жүргізушілеріне қатысты 47 хаттама толтырылды.
МЕДЕТ НҰРМҰХАНОВ, ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
— Біз тасымалдаушының құжатының бар-жоғына ғана емес, ең алдымен жолаушының қауіпсіздігіне назар аударамыз. Автобус зауыттық құрылымына сай емес, қолдан қайта жабдықталып, орындықтың орнына жатын орын орнатылса, бұл қауіпті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.