Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қонаев қаласында қайғылы оқиға болды. Аулада велосипед теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Полицияның дерегінше, көлік тізгінінде әйел адам болған. Тұрғындар жалпы ауланың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені бала ойнайтын аумақ жөнді қоршалмаған, сондықтан аулаға көлік емін-еркін кіріп-шығады.
ЕРНАР САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Қонаев қаласындағы көшелердің бірінде 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.