БҚО-да колледж студенті әкесінен алимент талап етіп, сотқа жүгінді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Батыс Қазақстан облысында колледж студенті оқуын аяқтағанша әкесінен алимент өндіруді сұрап, сотқа жүгінді. Алайда соттың түсіндіру жұмыстарынан кейін тараптар бейбіт жолмен келісімге келді. Енді әкесі баласына тоғыз ай бойы 40 мың теңгеден төлеп тұрады. Студент сабасына түсіп, сотқа жазған арызын қайтарып алды. Айта кетейік, бүгінде елімізде алимент төлемей жүрген борышкер саны 232 мыңнан асады. Ал тамыз айының соңынан бастап балаларға берілетін қаржы тек арнайы, бұғаттаудан қорғалған банктік шоттарға аударылады.
БҚО АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Судья қос тарапқа дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін түсіндірді. Талап қоюшы мен жауапкер татуласу келісімін жасасып, оны бекіту үшін сотқа ұсынды».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал