Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жеке мектеп таңдау ма әлде жұмысбасты ата-ана үшін мәжбүрлік пе? Бүгінгі таңда бұл сұрақ көптеген қазақстандық отбасының басты дилеммасына айналды. Бір жағынан, бұл – ата-ананың саналы таңдауы сияқты көрінгенімен, екінші жағынан, қазіргі қарбалас өмір мен заман талабы туындатып отырған мәселе. Ақылы мектептің неге күрт көбейді? Оқу ақысы қанша тұрады?
Астаналық Нәзия Тұяқованың тұңғышы биыл 1-сыныпқа барды. Таңдауы бірден жекеменшік мектепке түскенін айтады. Себебі жұмыс істейтін отбасы үшін баланың сабақтан кейінгі уақытын ұйымдастыру маңызды. Ал ақылы мектептің көбінде оқушылар таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін болады. Мұнда бала үй тапсырмасын орындайды, үш мезгіл тамақтанады. Одан бөлек, үйірмелер мен спорт секциялары да бар. «Яғни мектептен кейін баланы қосымша сабақтарға апарудың қажеті жоқ», — дейді ата-ана.
НӘЗИЯ ТҰЯҚОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бұл өте ыңғайлы. Мысалы, мемлекеттік мектепте 1-сынып оқушысының сабағы таңғы 9-дан 11-ге дейін ғана. Одан кейін баланы алып кету керек. Жұмысбасты ата- ана үшін бұл ыңғайсыз. Сондай-ақ ақылы мектепте бала саны аз болғандықтан, оқушы назардан тыс қалмайды. Мұғалім әр баланың оқу қарқынын, қызығушылығын жақсырақ бақылауға мүмкіндік алады. Ал оқушы көп сыныпта әр балаға бірдей уақыт бөлу мүмкін емес.
Елімізде жекеменшік мектепте оқудың бірыңғай орташа бағасы белгіленбеген. Оқу ақысы мектептің орналасқан жеріне, білім беру бағдарламасына және көрсетілетін қосымша қызметтерге байланысты өзгереді. Мәселен, 2026-2027 оқу жылында жекеменшік мектептердің бірінде оқу ақысы жылына 4 миллион 200 мың теңгеге дейін жеткен. Оған қоса 400 мың теңге көлемінде бір реттік жарна және 660 мың теңге тамақтану ақысы төленеді. Соған қарамастан баласын ақылы мектепке беруге мәжбүр. Себебін тұрғын былай түсіндіреді.
ӘЙГЕРІМ МТІСБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Егер мүмкіндік болса жекеменшік мектепке беруге болады. Таңғы 8:00-ден кешкі 5-ке дейін балалар мектепте болады. Түске дейін сабақ оқиды, түстен кейін үй жұмыстарын орындайды. Сол жерде үйірмелерге де қатысады.
Еліміздегі жекеменшік мектепке сұраныс күрт артқан. Соңғы 5 жылда 745 мектепте 297 мың оқушы ақылы білім алып жүр.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ:
Бүгінгі таңда жекеменшік мектептер жай ғана сән емес, жұмысбасты ата-ана үшін өмірлік қажеттілікке айналып отыр. Таңертеңнен кешке дейін қауіпсіз ортада болатын, үй тапсырмасын мектепте орындап, түрлі үйірмеге қатысатын баланың күтімі ата-ананың жұмыс істеуіне толық жағдай жасайды. Ал қызметіне ақы сұрайтын мектептің бағасы сіздің қалтаңыз көтере ме? Ол –басқа мәселе.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.