Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын сақтау бағытындағы бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері республика бойынша 79 мыңға жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркеліп, пиротехниканы заңсыз пайдаланудың 269 фактісінің жолы кесілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау бойынша 8 мыңнан астам ұсыным енгізілді. Басты жаңалықтардың бірі – 6 мыңнан астам учаскелік инспектор тұрғындар чатына қосылып, түскен шағымдарға жедел ден қоюда. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты бұзғандарға қатысты қатаң шаралар жалғасатынын ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.