Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте цифрландыру жұмыстары қарқын алып, тұрғындарға көрсетілетін бірқатар қызмет жаңаша форматқа көшті. Соның бірі – әскерге шақырылушыларды медициналық тексеріске «Face ID» арқылы тіркеу. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл медициналық бақылаудың белгіленген талаптарға сай өтуін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қалада жедел жәрдем көлігінің бағытын онлайн бақылауға арналған жаңа жүйе іске қосылды.
Цифрлық технологиялар күнделікті қызметтің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Енді шымкенттіктер арнайы сілтеме арқылы жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын телефоннан көре алады. Бұл диспетчерлерге түсетін қоңырау санын бес есе азайтқан. Сонымен қатар қалада жедел жәрдемнің жолын жылдамдататын «жасыл дәліз» жүйесі де іске қосылған. Науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда көлік келе жатқан бағыттағы бағдаршамдар автоматты түрде жасыл түске ауысады.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
— Таксиді қалай шақырамыз, тура сондай қызмет көрсетіледі. Қаламызда жаңа құрылыс аймақтары бар. Жедел жәрдем көлігі кейде үйді дұрыс таба алмайды. Енді мекенжайды нақты таба алады. Қазір жедел жәрдем фельдшерлерінің әрқайсысында видео-жетон бар. Ол жетондағы видеоматериал біздің ПД-ның жедел басқаруға орталығына жалғанған. Ол жерде SOS-батырмасы бар. Ол дер кезінде көмек шақыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ арнайы бейнеаналитикалық жүйе бар. «Көмек» деген сөзді айтқан кезде реакция беріп, 102 пультіне қоңырау түседі.
Цифрлық жаңашылдық қорғаныс саласына да енгізіліп жатыр. Енді Шымкентте әскерге шақырылушылар медициналық тексеруге құжатпен ғана емес, «Face ID» жүйесі арқылы тіркеліп өтеді. Жүйе азаматтың медициналық комиссиядан қашан және толық өткенін автоматты түрде белгілеп, барлық мәліметті тіркеп отырады. Мамандардың айтуынша, бұл шақыру науқанының ашық әрі талапқа сай өтуіне көмектеседі.
ӘЖІМҰХАН ШЫНТАЕВ, ҚІЖ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл жүйе азаматтардың екінші қайта қайталап өтуіне жол бермеу, азаматтар арасында медкомиссиядан өтпей кету мәселесінің алдын алу, яғни азаматтардың дәлелмедесі ретінде жүргізіледі.
Бұл – цифрлық жобалардың барлығы шымкенттік мамандардың әзірлемесі. Қалалық цифрландыру басқармасы алдағы уақытта да отандық ІТ-шешімдерді енгізуге басымдық берілетінін айтады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.