Өскеменде қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Өскеменде қоқыс өңдейтін зауыт салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті билік инвестор іздеп жатыр. Өйткені келесі жылы қазіргі қалдық тастайтын полигонның мерзімі аяқталады. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, ол қазірдің өзінде толып тұр. Бүгінде қалада қоқыс сұрыптау желісі жұмыс істеп тұрғанымен, оны кәдеге жарату үшін Алматы облысына тасуға тура келеді. Бұл логистикалық шығыны көп шаруа. «Ал қалада жеке зауыт салынса, қалдықты сапалы кәдеге жаратудың толыққанды циклі қалыптасар еді», — дейді мамандар.
РОМАН ЧЕСТНЫХ, ЭКОЛОГ:
— Кәсіби эколог ретінде айтарым, біз пиролиз әдісіне көшуіміз керек. Бұл – тұрмыстық қалдықтарды жоюдың ең қауіпсіз әрі экологиялық таза жолы.

САЯУЛЫМ ҚАЙДАРОВА, ТАБИҒИ РЕСУРС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгінгі таңда инвесторларға екі нұсқа ұсынылып отыр. Біріншісі – электр энергиясының бір киловаты үшін ең жоғары бағасы 130 теңге болатын аукционға қатысу, екіншісі – бір киловатт үшін 55 теңге тұрақты тарифпен инвестициялық келісімшарт жасасу.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал