Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде су үнемдеу технологиясы енгізіліп жатыр. Үш жыл бұрын заманауи суару жүйесі 237 мың гектар жерге енгізілсе, биыл 1 қыркүйектегі көрсеткіш 702 мың гектарға жеткен. Бұл – елдегі суармалы жердің 36 пайызы. Тамшылатып және жаңбырлатып суару көлемі де айтарлықтай артқан. Былтыр заманауи технологиялардың көмегімен 874 миллион текше метр су үнемделді. Мемлекет бұл бағыттағы қолдауды да күшейтіп отыр. Жабдық сатып алу мен орнату шығынын өтеу 80 пайызға дейін, ал суару суын субсидиялау 85 пайызға дейін ұлғайтылды. 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 1,3 миллион гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл жыл сайын 2,2 миллиард текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді.
ТАЛҒАТ МОМЫШЕВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
— 2026 – 2028 жылдарға осы бағыт бойынша 214 млрд қарастырылған. Бұл өткен 3 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті. Осының нәтижесінде 2025 жылы 874 млн текше метр су үнемделді. Ендігі мақсат 2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын 1,3 млн гектарға жеткізу. Сонымен қатар 2,2 млрд текше метрді үнемдеуді жоспарланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.