Азия ойындары: Қазақстан жалпы есепте төртінші орында келе жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жапонияның Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары қыза түсті. Дүбірлі додада бақ сынап жатқан отандастарымыз да олжалы. Спортсүйер қауымды каратэші Әсел Қанай өнерімен тәнті етті. Ол Азиаданың күміс жүлдесін иеленді. Бұл – біздің құраманың каратэден алған кезекті жүлдесі. Бұған дейін Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарының алтынын қоржынға салған болатын. Сары құрлық додасы басталғалы Қазақстан делегациясы 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, биылғы додада ел намысын 558 спортшы қорғап жатыр. Олар спорттың 35 түрінен бақ сынауда.
МЕЙРАМҒАЗЫ САПАРҒАЛИЕВ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Күміс жүлдені командамыздың сапында каратэ спортынан өнер көрсетіп жатқан Әсел Қанай арумыз салды. Ол Қытай спортшысымен жекпе-жек өткізген болатын. Нәтижесінде, Қытай спортшысына басымдық беріліп, біздің спортшымызға күміс жүлде берілуі туралы ұйғарым шешілді. Біздің спортшыларымыз тыңғылықты дайын. Биылғы Азия ойындарында жаңадан 4 спорт түрі қосылды, соның үшеуінде біз сынға түсеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал