Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Аптаның алғашқы күндерінде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Мамандардың мәліметінше, жауын-шашынға қарамастан, температуралық жағдай айтарлықтай өзгермейді. Кей өңірлерде желдің екпіні күшейіп, таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Ел аумағында күннің жылылығы әр өңірде әрқалай болады.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Жаңа аптаның басында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен бірге жаңбыр жауады деп болжанады. Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кещеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады. Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында 25-32 градус, солтүстік батысында 20-31 градус, солтүстігінде және орталық өңірлерде 18-27 градус, шығысында 13-23 градус, оңтүстік, оңтүстік шығысында 25-32 градусқа дейін көтеріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.