Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БАЛЫҚТАН УЛАНДЫ
Үй жағдайындағы дәмді астың салдары. Маңғыстауда бір отбасы ысталған балықтан уланып, жансақтау бөліміне түсті. Науқастың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ақша үшін бүлінген тамақты ұсынған ба?
БАПКЕРДІҢ ЗОРЛЫҒЫ
Арымды саудаға салды. Қызылордада бапкерінен екі жыл зорлық көрген 16 жастағы қыз бала мұңын шақты. Жаттықтырушы бойжеткенді басқа жігіттерге де саудалап, ақша мен есірткі тауып келген көрінеді. Спортшыны қандай жаза күтіп тұр?
ҚАУІПТІ АУЛА
Бала қауіпсіздігі алаңдатады. Қонаевта аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып кетті. Ал Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары үш жылдан бері балалар алаңы мен жолдың жоқтығына шағымданды.
ЦИФРЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Жедел жәрдемнің жүру жолын онлайн бақылайды. Шымкентте үйге шақыртқан дәрігердің қайда келе жатқанын қарап отыратын ақылды жүйе іске қосылды. Яғни басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт медқызметкердің қашан жететін біліп отырады.
АЗИАДА – 2026
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге олжалы. Қоржында 4 алтын, екі қола және бір күміс бар. Жалпы командалық есепте отандастарымыз төртінші орында келе жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.