Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
23-24 қыркүйек күндері Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияны шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бұдан бұрын Президент Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралы Жарлыққа да қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, жаңа ұйымның құрамына 126 адам кірді. Олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, түрлі этнос және қауымдастық өкілдері, мәдениеттанушылар және әлеуметтанушылар, білім саласының мамандары мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдері, ақын-жазушылар мен тарихшылар бар. Халық Кеңесінің құрамы Ақорданың ресми сайтында толық жарияланды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.