Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Семейде көшенің қақ ортасында 19 жастағы бойжеткенді әлдекім пышақтап, қашып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – марқұмның бұрынғы жігіті. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде қыздың қатты айқайлаған дауысы естілген. Артынша тұрғындар сыртқа шыққанда, бойжеткеннің жерде жатқанын көрген. Оны құтқаруға тырысқан азаматтар жедел жәрдем шақырған. Кейін күдікті осы маңдағы үйдің қоршауынан секіріп, қашып кеткен. Сол сәтте пышағын түсіріп алған деген ақпарат бар. Қазір полиция қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
ИРИНА ЛЫСАК, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Мен аулада болдым. Ұрыс-керістен шыққан айғай-шуды естідім. Қыз айқайлады. Содан кейін қарасам, қыз жерде жатыр. Барлығы қан. Оған жүрек массажы жасалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.