Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте подъезде 8 жастағы баланы зорламақ болған 56 жастағы ер адамға сот үкім кесті. Сәуір айында болған бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Себебі алғашқы сатыдағы сот күдіктіге небәрі 147 мың теңге айыппұл салған. Ал қазір қандай жаза кесілді?
Подъезде 8 жасар қызды құшақтап, сүйіп, денесін сипалап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған 56 жастағы ер адам ақыры түрмеге қамалды. Апталдай азамат үшінші сынып оқушысын аңдып, жеделсатыға бірге кіріп, сыртқа шыққан соң оған тиісе бастаған. Арам ойын жүзеге асыруға оқталғанда, қыз қорыққан күйі үшінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін қашып барып, көршілерден көмек сұраған. Содан кейін ғана ер адам кетіп қалған. Сотта оқиғаға қатысты барлық дәлел зерттеліп, айыпталушы бас бостандығынан айырылды. Ал оның қамқорлығында қалған балалары мемлекет қарауына берілді.
БОЛАТ ҚАРАБАЕВ, СУДЬЯ:
— Қарауындағы кәмелетке толмаған балалар Шымкент қаласы білім басқармасының қарауына беріледі. Педагогика және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Нұржауовтан Садыкованың пайдасына 3 млн теңге өндірілді.
Еске салайық, бұған дейінгі сот үкімі бойынша 56 жастағы ер адам қатаң жазаға тартылмай, небәрі 147 мың теңге айыппұл арқалап, бостандыққа шыққан еді. Апелляциялық сот үкімді бұзып, іс қылмыстық кодекстің он алты жасқа толмаған адамға азғындық әрекет жасау бабымен қайта қаралды.
ЕСБОЛ АБДРАХМАНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ:
— Видеода сотталушының 8 жасар қыздың артынан 4 жарым минут бойы артынан қалмай, аңдып жүрген әрекеттері бар. Соңынан қалмай жүрген және шалбарының замогын шешкен. Қорғаумыздағы жәбірленуші қыз 9-этажда тұратын көршісінің есігін қаққан, сол жерден көршісі шығып қалғаннан кейін ғана сотталушы төмен қарай түсіп кеткен.
Жәбірленушінің анасы қызының психикалық жағдайы әлі толық қалпына келмегенін айтады. Ал сұмдық оқиғадан тіпті өздері тұрған үйін тастап, басқа жерге көшуге мәжбүр болыпты.
ФИРУЗА САДЫҚОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
— Қызымның қазіргі жағдайы бірқалыпты, бірақ ер адамдарден қорқып қалған, тіпті он жасар баладан да қорқады. Көшеге де әпкесімен бірге шығады. Біз бірден көшіп кеттік, қазір басқа жақта тұрып жатырмыз. Мектебін де ауыстырдық.
Жәбірленуші тарап істі бастапқыда дұрыс тергемеген полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беруді сұрамақ. Адвокаттар құқық қорғау органдарына қатысты тиісті шағым түсіретіндерін мәлімдеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.