Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Су ішерлігі бар келіншек. Рудный қаласында бесінші қабаттан құлаған әйел адам аман қалды. Ол тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың шатырына түскен. Оқыс оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар зардап шеккен әйелді арқан арқылы түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Келіншекті біреу итеріп жіберді ме әлде аяғы тайып құлады ма? Мәселенің мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтауға кірісті. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
ИГОРЬ ВАЛЬТЕР, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әйел адам бесінші қабаттан құлады дегенде шұғыл жеттік. Зардап шегушіні арнайы жіп пен зембілдің көмегімен шатырдан абайлап түсіріп, жедел жәрдем бригадасына табыстадық. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.