СҚО-да алғашқы мемлекеттік дағдарыс орталығы ашылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы мемлекеттік дағдарыс орталығы ашылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға арналған нысан 50 орынға шақталған. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 172 миллион теңге жұмсалды. Мұнда жақынынан зәбір көрген қыз-келіншектер мен балаларға қолайлы жағдай жасалып отыр. Мекемеде психолог, медицина қызметкері, әлеуметтік педагог, тәрбиеші секілді мамандар жан-жақты қолдау көрсетеді. Қиын жағдайға тап болғандар бұл жерді жарты жылға дейін уақытша паналай алады. Қауіпсіздік талаптары да басты назарда. Учаскелік полиция бекеті осы маңда орналасқан. Бүгінде өңірде зорлық-зомбылыққа тап болған 80-ге жуық отбасы есепте тұр.
БАЛНҰР ҚАЛИАХМЕТОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Басты мақсатымыз – жәбірленушілерге көмек көрсету, жәрдем беру, оларды моральдік-психологиялық тұрғыдан қолдау. Сондықтан ашылып жатқан кризистік орталықтың мәні-маңызы өте зор.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал